Әлем футболы

Месси тағы бір рекорд жаңартты

Месси тағы бір рекорд жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания кубогының 1/8 финалында «Райо Вальеканоға» қарсы алаңға шығып, тағы бір рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық футболшы аталған турнирде өткізген ойындар саны бойынша Блауграна рекордын орнатты. Ол Кубоктағы 76-матчын өткізді.

33 жастағы футболшы Хосеп Самитиердің (75 рет) Испания кубогы ойынындағы рекордын жаңартты. Одан кейін Иньеста (73 матч), Висенте Пьер (71) және Хави (70) келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер