Месси тағы бір рекорд жаңартты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания кубогының 1/8 финалында «Райо Вальеканоға» қарсы алаңға шығып, тағы бір рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аргентиналық футболшы аталған турнирде өткізген ойындар саны бойынша Блауграна рекордын орнатты. Ол Кубоктағы 76-матчын өткізді.
33 жастағы футболшы Хосеп Самитиердің (75 рет) Испания кубогы ойынындағы рекордын жаңартты. Одан кейін Иньеста (73 матч), Висенте Пьер (71) және Хави (70) келеді.