Қысқы

Қазақстан командасы биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатына қатысады

Қазақстан командасы биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

27-31 қаңтар аралығында Польшаның Душниках-Здруй аймағында биатлоннан Еуропаның ашық чемпионаты өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады.

Мақсат Шаранов жаттықтыратын Қазақстан командасы Италияның Антхольц аймағында өткен әлем кубогінің жетінші кезеңінен соң Польшаны бетке алды.

Бүгінде команда мүшелері оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, дайындықты пысықтауда. Бас бапкердің айтуынша, аталған жарыс Словенияның Поклюка қаласында өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Биатлоннан Еуропа ашық чемпионатының жарыс кестесі төмендегідей:

27 қаңтар

Жекелей сын – әйелдер, ерлер;

29 қаңтар

Спринт – әйелдер, ерлер;

30 қаңтар

Із кесу жарысы – әйелдер, ерлер;

31 қаңтар

Сингл-микст Аралас эстафета

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер