Қысқы

Алдабергенова: Қазіргі дайындығымызды ескерсек, көрсеткіш жаман емес

Алдабергенова: Қазіргі дайындығымызды ескерсек, көрсеткіш жаман емес
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Ярославль және Мәскеу қалаларында шаңғы акробатикасынан әлем кубогының екі кезеңі аяқталды. Аталған сынға қатысқан қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнир туралы ойымен бөлісіп, кубоктық кезеңге бағасын берді.

«Біз қар үстінде жаттыға алмадық. Жаттығу жиынын өткізетін мүмкіндік болған жоқ. Карантиннің кесірі тигені рас. Біз Ярославльдегі әлем кубогы кезеңі басталған кезде ғана қарға секірдік. Оған дейін суға секіріп дайындалумен ғана шектелгенбіз. Егер дайындығымыздың деңгейі осындай екенін ескерсек, көрсеткішті жаман деуге болмайды.

Бабымызға енді еніп келе жатырмыз. Әр жарыс сайын нәтижеміз жақсаруда. Мәскеудегі кезеңде финалға шықтым, енді әрі қарай жақсы көрсеткіш тіркеуге тырысамыз.

Бүгін түнде Минск қаласына ұшып келдік. Енді осы қалада әлем кубогінің үшінші кезеңіне қатысамыз», - дейді Жанбота.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер