Әлем футболы

Ресми: «Челси» бас бапкерін қызметінен босатты

Ресми: «Челси» бас бапкерін қызметінен босатты
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» футбол клубының бас бапкері Фрэнк Лэмпард қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы лондондық клуб ресми мәлімдеді.

Лэмпард «Челсидің» тізгінін 2019 жылдың жазында ұстаған. 42 жастағы маманның жетекшілігімен лондондық клуб 2019/20 жылғы маусымда Англия чемпионатында 4-орын алды. Ал биылғы маусымда команда 19 турдан кейін 29 ұпай ғана жинап, турнирлік кестеде 9-орында тұр.

Айта кетейік, клубтың бас бапкері қызметін енді бұрынғы ПСЖ бапкері Томас Тухель атқарады деген ақпарат бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер