ММА

UFC 257: Майкл Чендлер қарсыласын нокаутпен жеңді

UFC 257: Майкл Чендлер қарсыласын нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» (БАӘ) америкалық файтер Майкл Чандлер (21-5) мен жаңа зеландиялық Дэн Хукер (20-9) арасындағы жекпе-жек өтті.

Чандлер үшін бұл жекпе-жек Bellator-дан кетіп, UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді.

Хукер үшін бұл жеңіліс ММА-да оныншы болды, ал Чандлер мансабындағы 22-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі турнирдің басты оқиғасында Ирландия өкілі Конор МакГрегор (22-4) пен америкалық Дастин Порье (26-6-1) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер