ММА

Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылға арналған жоспарын жариялады

Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылға арналған жоспарын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой рингте ешкімге есе жібермеген, АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқан қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 2021 жылдағы мақсатымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен келесі жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Ауыр жұмыс. Биыл мен чемпиондарды нокаутқа түсіруім керек. Qazaq Style бірінші орында», - деп жазды Жәнібек өзінің твиттер-аккаунтында.

Еске салайық, 2020 жылы жалғыз кездесуінде Әлімханұлы 9 қазанда Лас-Вегаста (16-4, 6 КО) аргентиналық Гонсало Корианы екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. 27 жастағы қазақстандықтың келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласының есімі әлі анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер