Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы: Елизавета Бельченко ТОП-40 қатарына енді

Биатлоннан әлем кубогы: Елизавета Бельченко ТОП-40 қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Антхольц аймағында биатлоннан әлем кубогының жетінші кезеңі басталды. Алғашқы жарыс күнінде 15 шақырымдық жекелей сын жеңімпаздары анықталды.

Бұл бәсекеде австриялық Лиза Тереза Хаузер топ жарды. Екінші орында украиналық Юлия Джима, үшінші сатыда франциялық Анаис Шевалье-Буше.

Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Елизавета Бельченко тіркеді. Ол жеңімпаздан 3 минут 41.7 секундқа ұтылып, 36-шы орыннан көрінді. Людмила Ахатова 75-ші, Анастасия Кондратьева 76-шы сатыда.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер