Теннис

АТР 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты

АТР 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2021 жылғы ATP Tour күнтізбесін жаңартты. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Биыл АТР 250 санатындағы жаңа екі турнирдің тұсауы кесіледі. Оның бірі – Австралия ашық чемпионатынан (22-28 ақпан) кейін бір аптадан соң басталатын Сингапурдегі жарыс. Екіншісі Испанияның Марбелье қаласында Майамидегі «Мастерс» (5-11 сәуір) бәсекесінен кейін өтеді.

Сәуір айында Будапештте өтетін Hungarian Open турнирі енді Сербияның Белград қаласына ауыстырылды. Аталған жарысты Новак Джоковистің ағасы ұйымдастырмақ.

2021 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы жарыс өтпейді. Ал қалған бәсекелердің күнтізбедегі уақыты ауысқан жоқ.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер