ММА

«Отбасымыздың дәстүрі болып қала берсін». Умар Нурмагомедов папахасы туралы айтты

«Отбасымыздың дәстүрі болып қала берсін». Умар Нурмагомедов папахасы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC файтері Умар Нурмагомедов Сергей Морозовқа қарсы ұйымдағы дебюттік кездесуде жеңіске жеткеннен кейін, папахасы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетелік, папаханы UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы және Умардың немере ағасы Хабиб Нурмагомедов та киген.

«Енді, Хабиб мәнсабын аяқтағаннан кейін, ары қарай мен кие беремін деп ойладым. Бұл UFC-дегі отбасылық дәстүр болсын. Хабиб маған өзінің меншігін берген жоқ. Ол: «Менің папахама тиме. Өзіңдікін ки. Әкем оны маған сатып әперген» деді.

Енді бұл бас киімді мен де тастамай алып жүремін. Хабиб те дәл осындай папаханы әрдайым киіп жүрді. Оның бас киімі менікінен несімен ерекшеленеді? Менікі тек жаңа», - деді Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер