Басқа

Токио Олимпиадасына іріктеу: Су добынан әйелдер құрамасы екінші рет жеңілді

Токио Олимпиадасына іріктеу: Су добынан әйелдер құрамасы екінші рет жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы Венгриядан жеңіліп қалды.

Ойын барысында венгриялық ватерполшы қыздардың басымдығы айқын аңғарылып тұрды.

Бірінші кезеңде венгриялықтар 7:2, одан кейін 6:3 есебімен жеңді.

Үшінші және төртінші кезеңде олар 5:1, 5:0 есебімен тағы да басымдық танытты.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қарсыласына 6:23 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық ватерполшы қыздар В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Грекия, Венгрия және Израиль құрамалары. Бүгін Грекия мен Израиль ватерполшылары да шеберлік байқасады.

Кеше құрамамыз Грекиядан 5:13 есебімен жеңіліп қалды . Сол күні Израиль құрамасы Венгрияға 2:27 есебімен ығына жығылды.

Енді қазақстандық спортшылар 21 қаңтарда Израильмен ойнайды. Ал Грекия мен Венгрия өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасы Олимпиадада екі мәрте бақ сынады .

Атап айтқанда, 2000 жылы - 6, 2004 жылы - 8 орын алды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер