Футзал

Қазақстан құрамасының Израильге қарсы ойынға қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының Израильге қарсы ойынға қатысатын құрамы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қаңтар күні біздің команда сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.

Матч Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Ойынды Ришон-ле-Цион қаласы қабылдайды.

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 24 қаңтарда Алматыда басталады.

Қақпашылар: Леонардо де Мело Виейра Лейте «Игита» («Қайрат»), Нұрәлем Байдолла («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дуглас да Силва Негрейрос «Дуглас Жуниор» (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан да Силва Рего «Тайнан» («Спортинг», Португалия), Леонардо Мендока Да Роса «Лео» («Норильский никель», Ресей), Болат Сарбасов («Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»).

Жаттықтырушылар штабы: Пауло Рикардо Фигейро Силва «Кака́» - бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера - физиотерапевт, Нұрлан Битүгілов - дәрігер, Қайратәли Күнходжаев - массажист, Азамат Жакудин - менеджер, Төлеухан Көлдіков - матч-менеджер, Мұратбек Биманов - медиа-офицер, Владимир Фрайнд - бейнеоператор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер