Бокс

Хайме Мунгияның промоутері: Головкиннің командасымен келіссөз жүріп жатыр

Хайме Мунгияның промоутері: Головкиннің командасымен келіссөз жүріп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілмеген мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29КО) мүддесін қорғайтын Zanfer Promotions компаниясының бас директоры Фернандо Белтран қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36КО) келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкиннің командасымен келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ біз мәреге жақындадық деп айтпас едім. Сондықтан, нақты ештеңе айта алмаймын.

Шешім жақын арада қабылданады. Егер жекпе-жек мамыр айында өтетін болса, бізге дайындық жоспарын жасау керек болады.

Біз Сауль Альвареспен бір күнде жұдырықтасқымыз келмейді. Біз Канелоны құрметтейміз, ол нағыз жұлдыз. Біз үшін тағы бір ыңғайлы күнді іздейміз», - деді Белтран.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Головкин - Мунгуя жекпе-жегі мамырдың басында Синко-де-Майо мерекесінде өтуі мүмкін деген мәлімет пайда болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер