Басқа

Асқар Орманов: Бадминтоннан Олимпиадаға жолдама алатын мүмкіндік жоқ

Асқар Орманов: Бадминтоннан Олимпиадаға жолдама алатын мүмкіндік жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Бадминтоннан Қазақстан командасы жаттығу жиынын көктемде өткізеді. Ал оған дейін үздік спортшылардың турнирін ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы бас бапкер Асқар Орманов мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

"Қазіргі таңда спортшылар өз аймақтарында жаттығуда. Жаттығу кезеңін көктемге жоспарлап отырмыз. Ал ішкі жарыстар ақпанда басталады. Орал қаласында елдегі үздік спортшылардың турнирін ұйымдастырамыз. Аталған бәсекенің форматы Қазақстан біріншілігінен сәл өзгеше болмақ.

Халықаралық турнирлерге келетін болсам, әзірге нақты жоспар жоқ. Өкінішке қарай, лицензиялық турнирлерден ұпай жинап үлгермейміз. Сондықтан, Токио Олимпиадасына бадминтоннан ешкім қатыспайтынын айтқым келеді. Біздің спортта Олимпиада жолдамасын иелену үшін көптеген турнирге қатысу қажет. Біз пандемияға байланысты біраз жарыстан сырт қалдық.

Қазіргі басты мақсатымыз - 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысатын талантты жастарды дайындау. Қазақстандық бадминтоншылар да төртжылдық додасында сынға түсетін күнге жетеріміз анық", - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер