Басқа

Қазақстанда 2020 жылдың үздік шахматшылары анықталды

Қазақстанда 2020 жылдың үздік шахматшылары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан шахмат федерациясының кезекті жылдық съезіне еліміздің 14 облысы мен қаласынан 33 делегат келіп, 2020 жылдың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Бейбіт Атамқұлов Федерацияның атқарушы органдарына жемісті еңбек еткені үшін алғыс айтты.

Локдаунға қарамастан Қазақстан шахмат федерациясы 2020 жылы 50 халықаралық және республикалық іс-шара өткізіп, оған 3,5 мыңнан аса кәсіпқой және әуесқой шахматшы қатысты.

Федерация құрама мүшелеріне, ардагерлер мен жастарға қаржылай қолдау көрсетіп, үздік шахматшыларға сыйақы тағайындап отырды.

Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып Қазақстан шахмат федерациясы шахматты сыныптан тыс қосымша ретінде енгізу жұмысын жүргізіп жатыр.

Дәстүрлі дене шынықтыру сабағымен қатар, қазақстандық мектеп оқушыларының шахматпен айналысуға мүмкіндігі болады.

Қазақстан шахмат федерациясы халықаралық республикалық Almaty Online Chess Festival 2020 шахмат марафонын өткізді. Бұл бүкіл шахмат әлемі үшін айтулы оқиға болды.

Желтоқсанда Федерация жоғары ұйымдасқан-спорттық дәрежеде ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионатты өткізді.

Съезд кезінде өткен жылдың үздік шахматшыларының аты аталды. Әйелдер арасында 2020 жылдың үздік спортшысы - кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған 10 жасар Елназ Қалиахмет.

Ерлер арасындағы үздік шахматшы 65 жасқа дейінгі ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен Марат Пірімбетов болды.

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ұлттары кубогында 3-орынды жеңіп алып, 2020 жылдың үздік командасы атанды.

Федерацияның үздік серіктестері - Павлодар және Ақтөбе облыстарының шахмат федерациялары және Air Astana компаниясы танылды. Қазақстан шахматшылары 2020 жылы Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарында 4 алтын, 3 күміс және 6 қола медальге қол жеткізді.

Қазақстандық жастар 12 халықаралық матчтың 11-інде жеңіс тұғырынан көрініп, Азия елдері командалары арасында екі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер