ММА

Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедов салмақ өлшеді

Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедов салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

20 қаңтарда Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін қазақстандық спортшы мен оның қарсыласы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Сергей Морозов 61,6 келіні көрсетсе, Умар Нурмагомедов 61,8 келі болды.

Морозовтың Нурмагомедовке қарсы жекпе-жегі 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Алғашқы кардтың негізгі жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін ресейлік Омари Ахмедов англиялық Том Бриспен кездеседі.

Кештің басты кардында Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы Тайсон Нэм UFC туы астындағы бесінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы - америкалық Мэтт Шнель. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақ санатында өтеді.

Ал турнирдің басты жекпе-жегінде компанияның екі ардагері Майкл Кьеза мен Нил Магни кездеседі. Екі тәжірибелі файтердің жекпе-жегі жартылай орта салмақта (77 келі) өтеді.

Айта кетейік, негізгі кард Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Ал ерте карl 20:00-де басталады. Кештің тікелей трансляциясына сілтемелер біздің сайтта қол жетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер