Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов IWF тарапынан уақытша шеттетілді

Қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов IWF тарапынан уақытша шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен уақытша шеттетілді.

Федерация мәлімдемесінде былай делінген:

«Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің («WADA») өткен күзде жарияланған IWF-ке жүргізілген тергеу туралы есебінің жалғасы ретінде Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ITA) WADA іс материалдарын («Жебе операциясы») алды және оны қарап шыққаннан кейін үлгі алмасуға байланысты екі спортшының допингке қарсы ережені бұзғанын осы кезеңде жариялауға шешім қабылдады.

Думитру Каптари (Румыния) мен Ниджат Рахимовқа (Қазақстан) бүгін 2016 жылдың ішінде «Зәрді ауыстыру анализі» (IWF допингке қарсы ережесінің 2.2-бабы) бойынша допингке қарсы ережені бұзғаны үшін айып тағылып отырғандығы туралы хабарланды. Тиісті мәселелер шешілгенше спортшылар жарыстарға қатысудан уақытша шеттетіледі », - делінген.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер