ММА

Жалғас Жұмағұлов МакГрегор - Порье жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатынын болжады

Жалғас Жұмағұлов МакГрегор - Порье жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатынын болжады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық UFC жауынгері Жалғас Жұмағұлов 24 қаңтар күні таңертең UFC 257 турнирінде өтетін Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы қарымта жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Жұмағұловтың пікірінше, жекпе-жекте МакГрегор жеңіске жетеді.

"Менің ойымша, МакГрегор жеңеді. Конор алғашқы екі раундта қарсыласын құлата алмаса, кездесу үшінші, төртінші және бесінші раундтарға созылса, онда, әрине, қиын болады. Бірақ бәрібір МакГрегор жеңеді деп ойлаймын", — деді Жұмағұлов.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінде өткен бірінші жекпе-жекте МакГрегор Порьені бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер