ММА

Жалғас Жұмағұлов UFC комментаторларына қазақстандық шоколад сыйлады

Жалғас Жұмағұлов UFC комментаторларына қазақстандық шоколад сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro Team командасының өкілі6 қазақстандық үздік файтерлердің бірі Жалғас Жұмағұлов UFC-дің бас комментаторларына қазақстандық шоколадты сыйға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы Жұмағұлов Абу-Дабидегі UFC 257 турниріне сақадай сай отыр. Қазақстандық спортшы турнир қарсаңында америкалық промоушен комментаторлары – екі салмақ санатында Бұрынғы чемпион Даниэль Кормье, файтер Пол Фелдер және сарапшы Джон Аникпен кездесті.

"Сен адамның жүрегіне жол табуды білесің", - деп қалжыңдады Кормье сыйлықтан әсер алып.

Жұмағұлов UFC 257 турнирінде 24 қаңтарға қараған түні Сарбздар аралында швециялық Амир Албазимен жекпе-жекке шығады. Бұл "Жаконың" UFC аясындағы екінші кездесуі болмақ.

Ал 20 қаңтарда аталған аралда тағы бір қазақстандық Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен төбелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер