Қысқы

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы АҚШ пен Швецияда жаттығады

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы АҚШ пен Швецияда жаттығады
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрама командасы Алматыда "Oi-Qaragay" базасында оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Жаттығу жиынына Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд сынды команда үздіктері де қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Аталған жиында барлығы он могулшы дайындықтарын пысықтады. Атап айтқанда, Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Аяулым Әмренова, Анастасия Городка, Олег Цинн, Олеся Граур, Сергей Романов, Дмитрий Шварев және Антон Бондарев қатысты.

Жоспар бойынша құрама бұдан кейін екіге бөлінеді. Бір тобы Еуропа кубогі өтетін Швецияның Граур, Шварев және Цинн аймағына, екінші топ АҚШ-қа аттанады. Кезекті оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң АҚШ-тың Дир Вэлли аймағындағы әлем кубогі кезеңіне қатысады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер