Бокс

«Қайдасыңдар?». Әлімханұлы чемпиондарға тағы да үндеу жасады

«Қайдасыңдар?». Әлімханұлы чемпиондарға тағы да үндеу жасады
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) карьерасындағы басты мақсатын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлем чемпионы титулы. Маған басқа ешнәрсе керек емес! Менің титулдарым қайда? Қайдасыңдар, чемпиондар?», – деп жазды Жәнібек Твиттерінде.

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің орта салмақ дивизионында үшінші орында тұр. WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде, оны 27 жастағы қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы бірнеше рет жекпе-жекке шақырған.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының WBO Global және WBC Continental белбеулері бар.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер