Қысқы

Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай

Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Ярославль қаласында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы жарыс аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл сында ресейлік Максим Буров жеңіске жетті. Ол 125,34 ұпай жинады. Екінші орынды тағы бір ресейлік спортшы Станислав Никитин иеленді (123.98). Үздік үштікті канадалық Льюис Ирвинг түйіндеді (120.36).

Ал қазақстандық спортшылар арасында ең үздік нәтижені Нұрлан Батырбаев көрсетті, ол 15-орын алды. Өзге спортшыларымыздың нәтижесі: Ильдар Бадрутдинов – 19, Роман Иванов - 20, Шерзод Хаширбаев - 25-сатыға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер