ММА

АСА 118. Кичигин кезекті жекпе-жегін өткізеді

АСА 118. Кичигин кезекті жекпе-жегін өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Георгий Кичигин (24-6-0) 26 ақпанда өтетін АСА 118 турнирінде кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Kaz_Fighters инста-аккаунтының хабарлауынша, Кичигинге Fight Nights Global промоушнының бұрынғы чемпионы, ACA рейтингінде үшінші тұрған ресейлік Гаджимурад Хирамагомедов (9-4) қарсылас атанады.

Бұл файтерлердің екінші кездесуі. Спортшылар бұған дейін 2017 жылы FNG 65 турнирінде төбелескен және Кичигин төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер