Bora — Hansgrohe велокомандасының шабандоздарын көлік қағып кетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызИталияның солтүстігінде Bora — Hansgrohe велокомандасының шабандоздарын көлік қағып кеткен. Оқиға Гарда көлінің жанында болды. Бұл туралы велокоманданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топта жеті велосипедші болған еді. Вилко Келдерман, Рудигере Селиге және Андреас Шиллингер ауруханаға түсті. Селиге және Келдерманның миы шайқалған деген күдік бар. Қалған төрт шабандоз команда орналасқан қонақ үйге оралды.
TEAM UPDATE: Today during training, some our riders were involved in an accident with a car. Wilco Kelderman, Rüdiger Selig and Andreas Schillinger were taken to hospital, all conscious. Wilco and Rudi have sustained concussion, while Andreas is awaiting final examinations.
— BORA – hansgrohe (@BORAhansgrohe) January 16, 2021
Команда өкілдері медицина қызметкерлерінің спортшылардың жарақаттарын тексеріп жатқанын айтты.
Фотосурет Chiara Redaschi / twitter.com/BORAhansgrohe тиесілі.