Әлем футболы

«Истанбул» - «Сивасспор» матчында қызық жағдай болды. Мбаппе бірнеше ойында гол соға алмады. «Барселона» құрамы қай ойыншымен толығады?

«Истанбул» - «Сивасспор» матчында қызық жағдай болды. Мбаппе бірнеше ойында гол соға алмады. «Барселона» құрамы қай ойыншымен толығады?
news-banner7
mobile-news-top

Түркия чемпионатының 19-турындағы «Истанбул» - «Сивасспор» матчында қызық жағдай болды, ПСЖ Франция чемпионатының 20 турында «Анжені» (1:0) жеңді, «Ливерпуль» хавбегі Джорджиньо Вейналдум мансабын қайда жалғастыратынын шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Истанбул» - «Сивасспор» матчы кезінде қалың жауған қардың салдарынан қонақтардың ақ түсті жейдесі қардан көрінбей қалды. Телетрансляция кезінде ойыншыларды көру қиынға соқты.

Алайда, матч тоқтаған жоқ, тіпті төрешілер «Сивасспор» футболшыларынан жейде ауыстыруды талап еткен де жоқ. Бәлкім төрешіге алаңда көрініс әлдеқайда жақсы көрінген шығар. Ауа-райының осындай «тосынсыйына» қарамай ойналған матч 1:1 есебімен аяқталды.

ПСЖ Франция чемпионатының 20 туры аясында «Анжені» (1:0) жеңді. Ал «Пари Сен Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе 80 минут ойнап, тағы да гол соққан жоқ. 22 жастағы франциялық осымен төртінші ойында қанжығасын майлай алмады. 2021 жылдың басынан бастап Мбаппе 1-Лигада «Сент-Этьен», «Брест» және «Анже» қақпасына гол соға алған жоқ, оған Франция Суперкубогындағы «Марсельге» қарсы матчты қосыңыз.

«Ливерпуль» ойыншысы Джординьо Вейналдум мерсисайдтықтармен жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды Mirror. Жартылай қорғаушы «Барселона» клубына ауыспақ, ол жазда еркін агент ретінде кетеді.

Каталониялық клубқа ауысудың тағы бір себебі Вейналдум мен Куман Нидерланд құрамасында бірге жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, футболшы 2016 жылдың жазынан бері «Ливерпульдің» намысын қорғап келеді. 2020/2021 жыл маусымында Вейналдум барлық турнирде 23 рет алаңға шығып, 2 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер