Теннис

Денис Евсеев Анталиядағы ITP турнирінің жұптық кезеңі финалында жеңіліс тапты

Денис Евсеев Анталиядағы ITP турнирінің жұптық кезеңі финалында жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Денис Евсеев Анталиядағы ITP турнирінің жұптық кезеңі финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтме жасап.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге финалда аргентиналық теннисшілерге қарсы ойнады. Осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоломен кездесті. Аргентиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен ұтып кетті.

Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер