Теннис

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жұптық кезең бойынша қола жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.

Жұптық кезең нәтижесі бойынша үшінші орынға Бекқлан Жамал - Ырысбек Артукметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал) жайғасты.

Жұптық кезеңнің жартылай финалында ел чемпиондары күтпеген жерден Марат Суртубаев (Қарағанды) - Самат Бейсенов (Алматы) жұбына 2:3 есебімен есе жіберді.

Әйелдер арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды) үшінші орын алды.

Былтырғы Қазақстан чемпиондары Зәуреш пен Сарвинозды Ангелина Романовская (Павлодар облысы) - Анель Бақыт (Шымкент) жеңіп кетті.

Ал аралас санат бойынша Сағантай Құрмамбаев (ШҚО) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды) қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер