IBU кубогы: Қазақстандық биатлоншылардың нәтижелері
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызГерманияның Арбер қаласында биатлоннан IBU кубогі жалғасуда. Бүгін ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт бәсекесі аяқталды.
Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан командасы сапынан сынға түскен Бекентай Тұрлыбеков 72-ші, Сергей Сирик 80-ші, Данил Белецкий 97-ші, Әсет Дүйсенов 99-шы, Дастан Делдеш 107-ші орын алды.
Бүгінгі додада норвегиялық Филипп Андерсен жеңіске жетті. Екінші орында германиялық Филип Наврат, үшінші орында тағы бір норвегиялық спортшы – Сиверт Баккен.