Футзал

АЭК – «Ақтөбе» матчында Мальта төрешілері қызмет етеді

АЭК – «Ақтөбе» матчында Мальта төрешілері қызмет етеді
news-banner7
mobile-news-top

Мальта төрешілері Чемпиондар Лигасында «Ақтөбе» футзал клубының қатысуымен өтетін матчта қызмет көрсетеді.

Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Грекияның АЭК командасы мен «Ақтөбе» арасындағы ойынға мальталық Клинтон Марио Кассар бас төреші болып тағайындалды. Оған отандасы Стефен Велья көмектеседі. Қосалқы төреші грекиялық Панайотис Нталас.

Матч бүгін Грекияда өтеді. Ойын жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Афинадан тікелей эфир болмайды, бірақ клубтың баспасөз қызметі ойынның мәтіндік трансляциясын жоспарлап отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер