Хоккей

Латвия әлем чемпионатының барлық матчтарын өткізуді ұсынды

Латвия әлем чемпионатының барлық матчтарын өткізуді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) президенті Латвия шайбалы хоккей қауымдастығының 2021 жылғы әлем чемпионатының барлық матчтарын Ригада өткізу туралы ұсынысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир өтетін орын туралы соңғы шешім қаңтардың соңында қабылданады.

Әлем чемпионаты Минск пен Ригада 21 мамыр мен 6 маусым аралығында жоспарланған. Елдегі шиеленісті саяси жағдайға байланысты Беларуссияда матчтарды өткізу күмәнді болып отыр.

«Бізге Латвиядан ұсыныс түсті. Олар Ригадағы екі аренада 16 команданы қабылдауға дайын екендіктерін айтты. Менің ойымша Минск жайлы 5-10 күн ішінде шешім шығады. Бізге әлі бірнеше кездесу өткізу керек. Егер біз Минскіден бас тартсақ, онда бізге басқа федерациялар ұсыныспен келуі әбден ықтимал, бұл да мүмкін», - деп келтіреді ТАСС Фасельдің сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер