ММА

Сұлтан Жолдошбек Абу-Дабидегі турнирде бразилиялық файтерден жеңіліп қалды

Сұлтан Жолдошбек Абу-Дабидегі турнирде бразилиялық файтерден жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Сұлтан Жолдошбек аралас жекпе-жектен екі лига - ресейлік Eagle Fighting Championship (EFC) ұйымы және UAE Warriors (БАӘ) жергілікті промоутері ұйымдастырған турнирге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай салмақта Жолдошбектің қарсыласы Бразилия өкілі Винисиус Де Оливейра болды. Үш раунд қорытындысы бойынша бразилиялық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Жолдошбек, Қырғызстан тумасы, қазақстандық Arlan MMA Pro Team атынан қатысады және ММА-да Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, EFC 32 / UAE Warriors 15 турнирі өткен жылы қайтыс болған Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған. Желтоқсан айынан бастап EFC лигасының қожайыны оның ұлы - жеңіл салмақтағы UFC-дің жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер