Футзал

«Қайрат» АФК ойыншыларының коронавирусқа тапсырған тестері теріс нәтиже көрсетті

«Қайрат» АФК ойыншыларының коронавирусқа тапсырған тестері теріс нәтиже көрсетті
news-banner7
mobile-news-top
16 қаңтарда Могилевте (Беларусь) «Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «Витэн» командасымен ойнайды. Осы ойынға қатысуға өтініш берген команданың барлық ойыншысы коронавирусқа тест тапсырып, бәрінің нәтижесі теріс болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчты @qazsporttvkz телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» АФК пен «Витэн» 2013-2014 маусымында УЕФА кубогында кездескен. Сол матчта алматылық клуб қарсыласын 9:0 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер