Теннис

«Karaganda Masters 10 & under» турнирі мәресіне жетті

«Karaganda Masters 10 & under» турнирі мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыды қаласының Жаңа Теннис орталығында «Karaganda Masters 10 & under» теннистен Республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирге Қазақстанның әр аймақтарынан, оның ішінде Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент және Екібастұз қалаларынан 47 жас спортшы қатысты (23 қыз және 24 ұл). Жарысты Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келсі спортшылар ие болды:

Нәтижелер:
Ұлдар
1 орын Балқан Нұрдәулет (Ақтау);
2 орын Нариман Алдияр (Нұр-Сұлтан);
3 орын Сериков Виктор (Қарағанды).

Қыздар
1 орын Дюсембаева Ясмин (Екібастұз қаласы);
2 орын Нұржан Мариям (Нұр-Сұлтан);
3 орын Богрянская Ника (Нұр-Сұлтан).

Жұптық сында қыздар
1 орын Нуржан Мариям Нур-Сұлтан / Дюсембаева Ясмин (Екібастұз);
2 орын Маратқызы Алан / Богрянская Ника (Нұр-Сұлтан);
3 орын Пак София Тараз / Тұрған Меруерт (Шымкент).

Жұптық сында ұлдар
1 орын Аханов Ахмади (Ақтөбе) / Сәндібек Әділжан (Орал);
2 орын Қасенғалиев Әбілқайыр / Қуандық Бекарыс (Нұр-Сұлтан);
3 орын Бегалеев Қуаныш / Батиханов Марлен (Ақтөбе).

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер