Дзюдо

Жансай Смағұлов: Masters турнирінде үшінші орын алуды жоспарлаған едім

Жансай Смағұлов: Masters турнирінде үшінші орын алуды жоспарлаған едім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошылар жылдың алғашқы рейтингтік турнирінде жүлдегерлер қатарына іліне алған жоқ. Құрама сапынан ең жақсы көрсеткішке 73 келіде татамиге шыққан Жансай Смағұлов қол жеткізді.

Жұбаныш финалында қарсыласына жол берген ол турнир медалін де уысынан шығарып алды. Аталған әлемдік дода аяқталған соң Жансай Смағұлов жарысты қорытындылап, ҰОК сайтына шағын сұхбат берді.

"Дохадағы "Masters" турнирі өте қызықты әрі тартысты өтті. Өздеріңіз білетіндей, 73 келі оңай салмақ емес. Дәл осы салмақ дәрежесінде екі Олимпиада чемпионы мен екі әлем чемпионы қатысты. Дайындығымның барлығы жақсы болды. Жарыс алдында жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола жүлдегер атанамын деп ойлап, жоспарлаған болатынмын.

Өкінішке қарай, қола жүлде үшін белдесуде германиялық қарсыласыма жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтадым. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, Оңтүстік Корея спортшысы Ан Чангримнен ұтылып қалдым.

Нәтижелі күрес көрсетемін деп, барымды салғаныммен белдесу барысында қатеге жол беріп қойдым. Оның да маған дайындалып, күресімізді зерттегені көрініп тұр. Өз әдісімді жасап жатқанда қарсы тәсілге түсіп, мені жартылай финалда тоқтатты.

Осы жарысқа дейін ұлттық құрамамегн екі ай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жақсы жаттығып, ұзақ үзілістен кейін формамызға қайта оралдық. Өзімнің күресіме сырттай қарайтын болсам, менде физикалық тұрғыдан кемшіліктер бар екенін байқадым.

Егер мен физикалық тұрғыдан барымды салып шыңдалсам, жылдамдықты жоғалтып немесе бәсеңдетіп аламын ба деп те ойлаймын. "Masters" турнирінен кейін жаттықтырушылармен ақылдасып, күрес стилім бойынша әрі қарай жұмыс істейтін боламыз", - дейді Жансай Смағұлов.

Айта кетерлігі, дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі 11-13 қаңтар аралығында Катар астанасы Дохада өтті. Жаңа маусымның алғашқы додасына әлемнің 69 елінен 400-ге жуық татами шебері қатысты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер