«Тараздың» бас бапкері: Ең мықты деген жергілікті жас футболшыларды іріктеп алдық

news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» клубымен кездесу барысында жаңадан тағайындалған бас бапкер Талғат Тұрлыбайұлы жастарға көбірек көңіл бөлінетін айтты.

«Біз жергілікті жастардың арасынан ең мықты деген 40 ойыншыны іріктеп алдық. Олар үшін Шымкентте оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырдық. Тұрғын жай, тамақ жағы реттелді», – деді команданың бас бапкері.

Жиын барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті ойыншыларға көбірек мүмкіндік беру керегін қадап айтты.

«Біздің жігіттер, оның ішінде жергілікті ойыншылар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Сол себеті облыстың бас командасына жергілікті футболшыларды барынша тарту қажет», – деді әкім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер