«Тараздағы» легионерлер саны азаяды

news-banner7
mobile-news-top

«Тараз» клубы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен жолығып, өткен жылды қорытындылап, келер маусымды жоспарлады.

Әңгіме барысында келер маусымда командада болатын шетелдік ойыншылардың саны айқындалды.

Дәл қазір жамбылдық команданың сапында 10 легионер бар. Облыс әкімі олардың санын бесеуге дейін қысқартуға тапсырма берді.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев клубтың шығынын қайта қарастырып, үнемдеуге шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер