Теннис

Теннистен республикалық семинар өтеді

Теннистен республикалық семинар өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен 2021 жылғы 16-30 қаңтар аралығында Нұр-сұлтан, Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалаларында жаттықтырушы-оқытушылар құрамы үшін "10 жасқа дейінгі теннис"бағдарламасы бойынша үш күндік шеберлік сынып семинарлары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді. Семинар Қызыл, Қызғылт сары және Жасыл шарларды қолдануға байланысты практикалық ұйымдастыру мен оқытуды, соның ішінде түрлі түсті доптармен ойнаудың техникалық және тактикалық дағдыларын қамтиды. Семинарды өткізу үшін балалар теннисі бойынша әлемдегі ең үздік мамандардың бірі, жаттықтырушыларды оқытуда 20 жылдан астам тәжірибесі бар Майк Баррелл шақырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер