«Қайрат» латвиялық клубпен жолдастық кездесу өткізеді

«Қайрат» латвиялық клубпен жолдастық кездесу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарының бірі анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клуб Латвияның «Лиепая» командасымен кездеседі. Бұл туралы Liepajniekiem.lv хабарлады.

Матч 17 ақпанда өтеді.

«Лиепая» Латвия чемпионатының 2015 жылғы жеңімпазы, сонымен қатар, 2017 және 2020 жылдары ел кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, «Қайрат» қазіргі таңда клубтың базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер