ММА

«Мен дайынмын». Сергей Морозов Умар Нурмагомедовпен жекпе-жегі туралы айтты

«Мен дайынмын». Сергей Морозов Умар Нурмагомедовпен жекпе-жегі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) ресейлік Умар Нурмагомедовпен (12-0) жекпе-жегінің үш күн ерте болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Морозов Instagram желісіндегі парақшасында БАӘ-де түскен жаңа фотосуретін жариялады. Айта кетелік, жекпе-жек шебері сонда дайындалып жатыр.

«Өздеріңіз білетіндей жекпе-жегімді 20 қаңтарға ауыстырды, мен дайынмын», — деп жазды Морозов.

Жалпы Морозов - Нурмагомедов жекпе-жегі 23 қаңтарда UFC 257 турнирі аясындағы Конор МакГрегор - Дастин Порье кездесуінің андеркардында өтуге тиіс еді, алайда промоушн 20 қаңтарда өтетін UFC on ESPN 20 турниріне ауыстырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер