«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Уфаның «Салават Юлаевын» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрсұлтандықтар алдыңғы матчта өз айдынында «Ак Барсқа» есе жіберді - 2:4, ал юлаевтықтар сырт алаңда «Сибирьді» 1:3 есебімен жеңді.
Уфалық клуб 46 кездесуде 58 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. «Барыс» 42 ойында 49 ұпаймен сегізінші орында келеді.
«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.