«Зайнутдинов - қазір Еуропа футболына қажет ойыншы». Ресейлік агент – қазақстандық туралы айтты

«Зайнутдинов - қазір Еуропа футболына қажет ойыншы». Ресейлік агент – қазақстандық туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Футбол агенті Тимур Гурцкая Bombardir.ru сайтына берген сұхбатында ЦСКА селекциялық қызметінің басшысы Андрей Мовсесянның Бактиер Зайнутдиновты клуб сапына алғысы келмегенін айтты.

Ал қазір Еуропада қазақстандыққа деген қызығушылық пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Андрей Мовсесянның Зайнутдиновты қаламағанын нақты білемін. Бұл ЦСКА-ның жазғы науқандағы ең үздік трансфері болып тұр. Мовсесян Зайнутдинов туралы: «Біздің академияның жартысы осындай ойыншылар», - деді. Бұл әсіре айтылған сөз. Қазір Зайнутдинов - Еуропа футболына қажет ойыншылардың бірі. Ал Мовсесян одан жарты жыл бұрын бас тартқысы келді», - деді Гурцкая.

Қазір шабуылдаушы жартылай қорғаушының құны 3,5 миллион еуро. Бактиер РПЛ маусымында 18 матч өткізіп, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер