Әлем футболы

ПСЖ Франция Суперкубогының иегері атанды

ПСЖ Франция Суперкубогының иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ Франция Суперкубогында "Марсельмен" кездесті. Кездесу Ленстегі "Феликс Болар" стадионында өтіп, париждік команданың жеңісімен (2:1) аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 39-минутында ПСЖ шабуылшысы Мауро Икарди есеп ашты. Екінші таймда, 85-минутта, Неймар пенальтиді сәтті орындап, «ПСЖ» командасының есебін еселей түсті. Ал марсельдіктер сапынан 4 минуттан кейін жартылай қорғаушы Димитри Пайет мергендік танытты.

Осылайша, "Пари Сен-Жермен" Франция суперкубогын жеңіп алды. ПСЖ 2019/2020 маусымында коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталғанда Франция чемпионы атанды. "Марсель" маусым соңында 2-орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер