«Өмірімнің жарқын кезеңі». Алексей Щеткин «Астанаға» алғыс айтты

«Өмірімнің жарқын кезеңі». Алексей Щеткин «Астанаға» алғыс айтты
news-banner7
mobile-news-top

13 қаңтарда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткиннің РПЛ аутсайдері саналатын Ресейдің «Роторына» ауысқаны белгілі болды. Футболшы астаналық клубқа алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- «Мен клубта ойнаған кезеңде маған білдірген сенім мен қолдау үшін «Астана» футбол клубына алғыс айтқым келеді! Бірақ футболшының мансабындағы атақтары мен ең жарқын көріністері - Чемпиондар лигасының басты кезеңінің матчтары бар қызықты уақыт осымен тәмам!

Алда «Ротор» клубының құрамында сынақ күтіп тұр! Мен келесі жылы «Астанаға» жарқын жеңістер тілеймін», - деді Алексей Щеткин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер