Теннис

Бублик Анталиядағы турнирдің финалында ойнамауының себебін айтты

Бублик Анталиядағы турнирдің финалында ойнамауының себебін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Анталиядағы (Түркия) АТР турнирінің финалына шыққан еді. Ол Алекс де Минормен финалдық кездесуде жеті минуттан кейін ойынды жалғастырудан бас тартуының себебі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кешегі матчта мен аяғымды қайырып алдым, бірақ адреналиннің арқасында мен мансабымдағы ең жақсы жеңіске жеттім. Жолым болды.

Бүгін ойнауға тырыстым. Мен ойын алдында үш сағат физиотерапевтің алдында болдым және ойынға бар күшімді салдым. Нәтижесы мынау - өз мансабымда үшінші рет ATP турнирлерінің финалына өтіп, үшінші рет ұтылдым», - деп келтіреді ATP ресми сайты Бубликтың сөзін.

Ал Де Минор ол төртінші рет ATP титулын жеңіп алды. 2019 жылы ол Сиднейдегі (Аустралия), Атлантадағы (АҚШ) және Чжухайдағы (Қытай) жарыстардың жеңімпазы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер