«Қайраттың» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендері қатарына кірді

«Қайраттың» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендері қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы XXI ғасырдың үздік сұрмергендерінің тізімін жасады.

Тізімге 2001 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтары аралығында кемінде 200 гол соққан шабуылшылар енген.

Көш басында «Ювентустың» шабуылшысы Кришиану Роналду тұр. Одан кейінгі орынға «Барселона» капитаны Лионель Месси жайғасты.

Үздік бестікке Златан Ибрагимович («Милан»), Роберт Левандовски («Бавария») және мансабын аяқтаған Александр Джурич енді. Сондай-ақ үздіктер тізімінде бразилиялық Вагнер Лавқа да орын табылды. «Қайраттың» шабуылшысы Вагнер Лав 29-шы орынға тұрақтаған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер