Дзюдо

Doha Masters 2021: Ислам Бозбаев алғашқы айналымда қарсыласына жол берді

Doha Masters 2021: Ислам Бозбаев алғашқы айналымда қарсыласына жол берді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев әлемдік Masters турнирін сәтсіз аяқтады.

Бүгін Дохада дзюдодан әлемдік Masters турнирінің үшінші жарыс күні басталды. Жарыстың үшінші күнінде 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Ислам Бозбаев татамиге шықты.

Қазақстандық дзюдошы алғашқы айналымда-ақ қарсыласы АҚШ өкілі Калтон Браунан жеңіліп қалды. Қарсыластар белдесудің негізгі уақытында тең түскенімен, қосымша уақытта отандасымыз үшінші ескерту қағазын алып, жарыстан шықты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлемдік Masters турнирінде жүлдесіз қалды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер