Теннис

Үстел теннисінен ел чемпионаты: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

Үстел теннисінен ел чемпионаты: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы екі күнінде командалық сын жеңімпаздары анықталады. Әзірге, қыздар командасы арасында жартылай финал, ерлер командасы арасында ширек финал қатысушылары анықталды.

Қыздар арасындағы жартылай финалда Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары кездеседі. Сондай-ақ, финал жолдамасына таласатындар қатарында Шымкент және Қарағанды қаласының құрамалары бар.

Өткен жылы ел чемпионы атанған БҚО командасының өкілі Гулчехра Хусейнованың айтуынша, олар биыл да тек алтыннан үмітті.

«Былтыр жеңімпаз атанған құраммен тағы да жеңіске қадам басып келеміз. Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетова, Аружан Бекіш және Аружан Ілияс бастаған командаластарым сәтті өнер көрсетуде. Біздің бір ғана мақсатымыз бар – алтын медаль алу. 2020 жылғы жеңісті қайталауға дайынбыз», - дейді ол.

Ерлер арасында ширек финалға жолдама алған командалар тізімі төмендегідей: БҚО, Қостанай, ШҚО, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жамбыл облысы, Алматы, Қарағанды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер