Басқа

Қайрат Сарымсақов таеквандодан лицензиялық турнирге дайындалуда

Қайрат Сарымсақов таеквандодан лицензиялық турнирге дайындалуда
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов Иорданиядағы лицензиялық турнирге қатысуы мүмкін. Бұл туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов айтты деп хабарлайды Olympic.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, Қайрат Сарымсақов бұған дейін 74 келіде сынға түсіп келді. Ал Олимпиада бағдарламасында ерлер арасында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесі енген. Сондықтан, Қайрат салмақ мәселесін реттеп жатыр. Лицензиялық турнирге қатысу-қатыспауы туралы нақты шешім ай соңына дейін қабылданады. Бүгінде ол ұлттық құрама спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр», - дейді аға бапке.

Қайрат Сарымсақов 74 келіде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған. Одан бөлек, ерлер арасындағы ауыр салмақта Руслан Жапаров Олимпиада жолдамасына таласады.

Айта кетелік, таеквондодан Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі наурыздың аяғында Иорданияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер