Дзюдо

Жансай Смағұлов Masters турнирінің қола жүлдесіне таласады

Жансай Смағұлов Masters турнирінің қола жүлдесіне таласады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов Дохада өтіп жатқан Masters турнирінің қола медаліне таласады деп жазады Olympic.kz.

73 келіде бақ сынайтын Жансай үш кездесуді мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Финал жолдамасы үшін таласта Смағұлов әлем чемпионы, Оңтүстік Корея өкілі Ан Чангриммен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіліп қалды.

Қола медаль үшін тартыста Жансай Смағұловты германиялық Игорь Вандкте күтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер