Теннис

Алматыда халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

Алматыда халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының (ЦСКА) теннис корттарында Халықаралық «Вельц Мемориалы» балалар турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандағы теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің атындағы турнир биыл 30-рет өткізіліп отыр.

Бұл спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 12 жасқа дейінгі 100 астам дарынды теннисшілер қатысуда.

Айта кетелік, «Вельц Мемориалы» балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты ұйымдастырушы - Қазақстан теннис федерациясы бұл игі дәстүрді бұдан кейін де жалғастыра бермек. Турнир 17 қаңтарға дейін жалғасады. Жеңімпаздарға құрмет грамоталарымен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер